Вопросы и ответы по услуге:  

№: 903125
Дата поступления: 18/02/2013
Дата ответа: 18/02/2013
Вопрос: Сәлеметсізбе,мен Алматы Технологиялық Университетін Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының конструкциялануы және құрастырылуы мамандығы бойынша үздік (қызыл дипломмен) тәмамдадым.Осы мамандық бойынша мен мемлекеттік қызметке орналаса аламын ба?Сіздер қандай көмек бере аласыздар?
Ответ: Сәлеметсізбе! Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар. Әлеуметтік қызметкерлер еңбек нарығында қажетті. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, жұмыс таңдауда жәрдем және уәкілетті органдардың делдалдығымен жұмысқа орналастыруға кепілдік береді. Заңға сәйкес жұмысқа орналасуда басым құқықты халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдар, оның ішінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар түлектер қолданады. Осыған байланысты, Сізге мамандық бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жұмыспен қамту органына өтініш білдіру қажет. Тиісті жұмысты (Сіздің мамандығыңызға сәйкес келмесе) ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган түлектерге меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша алғашқы еңбек өтілін алуға арналған Жастар практикасына жіберуі мүмкін. Жоғарыда айтылғанына орай сұрағыңызга толык жауап алу ушын жұмыспен қамту у?кiлеттi органға - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызды ұсынамыз. Сонымен қатар Сіз SMS арқылы жұмыс іздеу жөнінде хабарлама жіберуіңізге болады. SMS хабарламаны тек ұялы телефондардан жіберу керек. 1411 нөміріне жолданатын SMS хабарламаның үлгісі: *работа*қаланың коды*мамандық# SMS хабарламаны жіберу және қабылдау ТЕГІН. Құрметпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық-анықтамалық орталығы.