Вопросы и ответы по услуге:  

№: 867079
Дата поступления: 31/01/2013
Дата ответа: 15/02/2013
Вопрос: Осы күнге дейін Ұлар үміт"-тен қалған ақшамды алаалмай жүрмін, қалай және кіммен хабарласам
Ответ: Сәлеметсізбе! Қазақстан Республикасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы » 2003 жылғы 4 шілдедегі №661 қаулысына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан: 1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен; 2) екi жүз елу мың теңгеден; 3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi. Сонымен қатар, алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы екi жүз елу мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады. Егер төлемнен кейiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгi зейнетақының айлық мөлшерiнен кем соманы құраған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнетақы қоры қандайда бір себептермен міндетті зейнетақы жарнаңызды аудармаса, одна Сізге Қазақстан Республикасы қаржы нарығын бақылау және қадағалау және қаржылық ұйымдастыру Ұлттық Банк комитетіне хабарласуыңыз қажет.