Вопросы и ответы по услуге:  

№: 854117
Дата поступления: 28/01/2013
Дата ответа: 15/02/2013
Вопрос: 53 жаспен зейнеткерлікке шыққанда еңбек кітапшасы қажет пе? 53 жаспен зейнеткерлікке шыққанда еңбек өтілі 20 жыл болуы керек пе? Еңбек өтілі 19 жыл 11 айды құраса зейнетақы мөлшері қандай болады? 3 жылдық табысы 1 078 557 теңгені құраса 1 айлық зейнетақы мөлшері қандай соманы құрайды? алдын- ала рахмет.
Ответ: Cәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 9 - бабы 3 - тармағына сәйкес, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 20 жыл еңбек өтілі болғанда, жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы. Осы Заңның 11 - бабы 8- тармағына сәйкес жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт жұмыс стажына есептеледi. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi. Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүргізіледі, ол 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспауға тиiс. Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi (негіз: Занның 13 бабы). «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Қазақстан Республикасы заңының 17 - бабына сәйкес жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жасқа жеткен кезде тағайындалады. Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,50 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі мемлекеттік орган зейнетақы тағайындау мәселелерi бойынша түсiндік беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне көмек көрсетуге мiндеттi. Сіз барлық құжаттарыңызбен кеңес алу үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша зейнетақы төлеу орталығына немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады Құрметпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық – консультациялық қызмет көрсету орталығы.